Жазушы Ақберен Елгезек: Біздің қоғамда 30 жыл бойы билікке табынушылық болды
Ақын, жазушы, Қазақстан және Ресей Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек “Байтасов Live” студиясының қонағы болып сұхбат берді.

Ақынның пікірінше тәртіпсіздікке қатысқан жастардың рухани кеңістігі тар, білімі таяз.
“Ауылдан шыққан, білімі таяз, рухани дамымаған, ішімдікке құмар жігіттер үшін бұл пайда табудың ең тиімді жолы болып көрінді. Телеарналардағы мәнсіз сериалдар мен шоуларды көріп, танымал болуға еліктейтіндер көп. Олардың тіпті өзіндік ұстаным-қағидалары жоқ. Соның салдарынан жылтыраққа қызығып жүріп, қылмыскерге айналады.
Біздің қоғамда 30 жыл бойы жеке адамға табынушылық болды. Ол супермен тәрізді барлық жағдайда құтқаратындай, қажеттілікті беретіндей болып көрінді. Міне, осынша уақыттан кейін бұл қоғамдық жалпы пікір жүйелі түрде жойылды.
Жазушылар үшін де солай. Осы уақытқа дейін қалам ұстағандар өз ойын еркін айта алмады”, – деді жазушы.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды