"Біздің қатарымызда болуға лайықты емес": Денсаулық сақтау басқармасы кішкентай науқасқа дөрекілік танытқан дәрігер жайлы пікір білдірді
Маңғыстау облысындағы Денсаулық сақтау басқармасы Ақтауда тісін емдету үшін дәрігерге барған, бірақ есесіне таяқ жеп қалған баланың оқиғасы жайлы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басқармада бар ақпаратқа сүйенсек, оқиға оқушылар демалысқа шыққан кезде орын алған. Тісін емдеткісі келетін балалардың саны күрт артқан.
"Бала үш рет кірді. Дәрігер екі баласымен келген әйелге көмектесу үшін ұлды қабылдады. Маңғыстау облысының медициналық қоғамы әріптес-дәрігердің іс-әрекетін қолдамайды. Мұндай медициналық қызметкерлер біздің қатарымызда болуға лайықты емес", — деді Маңғыстау облысындағы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Факт бойынша қызметтік тексеру жұмыстары басталып кетті.
"Осы оқиғадан кейін өңірдегі медициналық мекемелердің үздік жетекшілерімен келешекте мұндай оқиғалар орын алмауы үшін кеңес өткіземіз", — деп хабарлады басқарма қызметкерлері.
Дәрігер облыстық тіс емдейтін ауруханада екі жылдан аса жұмыс істейді.
Ол Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстандық медициналық университетті қызылға бітірген. Жұмысына ешкім наразылық білдірмепті. Өте сауатты және болашағынан үміт күттіретін дәрігер. Кейде ашушаң және дөрекі болады", — деп түйіндеді басқармадағылар.
Естеріңізге сала кетейік, желіде тісін емдетуге келген кішкентай баланы жұлқылаған дәрігердің видеосы пайда болған еді.