"Бізді осылай улап жатыр": Қазақстанның тұзы ресейліктерді шошытты

Қазақстандық тұз өндіруші компания дау астында қалды. Тұздың ресейлік сатып алушылары оның ішінен әйнек тауып алғанын айтып, видео түсіріп, желіні дүрліктірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ресей азаматтары әлеуметтік желіге тұз арасынан әйнек тауып алғанын жазып, қазақстандық өнімді сатып алмауға шақырды. 

"Ерімейді. Аппақ нәрсеннің не екенін білмеймін, түсініксіз", — дейді бір видео авторы. "Әйнек қана қалды. Мәссаған. Бізді осылай улап жатыр", — деді тағы да бір ресейлік. 

Дүкен сөрелері біздің елімізде жасалған тұзды алып тастады. Көрші елде жергілікті халықтың арасында пайда болған дау тұз шығарушы компанияның назарынан тыс қалмады.

"Бірде бір бөлшек, әсіресе әйнек арасына кіріп кете алмайды. Ерімейтін қалдығы бар, басқа артық ешнәрсе жоқ. Негізінде бұл табиғи минералдар, олар әрқашан болды. Қара минералдар — астраханиттер, ақшыл минералдар — эпсомиттер", — деді "Аралтұз" АҚ бизнес-процесстерді басқару және әкімшілік басқармасының жетекшісі Татьяна Козырева.

Компания басшылығы Қазақстанда шығатын тұздың Ресейдегі тұздан еш ерекшеленбейтінін, әйнек туралы бос сөзді бәсекелестері әдейі шығарғанын алға тартты. 

"Бұл тастар емес, астраханит деп аталатын табиғи минерал. Ешқандай кесірі жоқ. Керісінше, пайдалы деуге болады", — деді Козырева. 

Ресейде тұздың құрамын тексеру жұмыстары басталып кетті. Қазақстандық компания оның сапасы жақсы екенін дәлелдемек.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Химиялық кастрация жасайды: Қаратаудағы 9 жасар баланы өлтірген педофил өмір бойына сотталды

Қылмыскер бүлдіршіннің денесін өртеп, велосипедпен әкетіп бара жатқаны камераға түсіп қалған

Қазақстанда жүргізуші куәлігінің жаңа түрі қашан беріледі

Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу куәліктерін өзгерту қажет пе?

Алматыдағы мектеп жанында жеті жасар қызды қағып қашып кетті

Қызды жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек орталығына алып кетті

Елімізде жоқ облыс атында 1,3 млрд теңге қарыз бары белгілі болды

Есеп комитетінің басшысы мәселені шешу үшін жұмыс тобын құруды ұсынды

"Фабрика" тобының бұрынғы әншісі ислам дінін қабылдап, ауылда тұрып жатыр

Әпкесі әншінің өз еркімен және саналы түрде мұсылман әйел болғанын айтады

Ерке Есмаханның пластикалық отаға жүгінгені рас па

Диас Аблаев: Жанынан қарағанда тіпті жаман көрінеді

Марат Достаев: Қайрат Әділгерей көп сөйлемесінші

КВН түлектері мен кәсіби актерлер арасында тағы да тартыс басталды

Хакерлер Android бағдарламалы смартфондарға құлаққап арқылы да шабуылдай алады

20 елдің жоғары лауазымды тұлғалары хакерлік шабуылдың құрбаны болды

Мәрлен Айнабеков «Охотзопром» басшысы болып тағайындалды

Ол орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды

Қан қысымы: Қалай дұрыс өлшеу керек, жас бойынша нормалары және нормадан ауытқу себептері

Адамның жасы қаншалықты үлкен болса, оның қан қысымы соншалықты жоғары болады
Çàãðóçêà...