Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізбен тұрып, от-күлімізді шығарысқандай": Балжан Бидаш ақыл айтқан оқырманын орнына қойды

Отандық өнер жұлдызы, әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты ақыл айтатындарға шүйлікті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Instagram/bidash_official

Шоу-бизнес өкілі жары әзілкеш Жахан Отарғалиевпен ажырасқанын мойындаған еді. 

“Менікі сияқты кезеңде жүрген оқырман қыздарым бар екен. “Қосыл-қосылма” деп үшінші адамның айтуға құқығы жоқ. Бақытты отбасы болғанға не жетсін? Әйел адам сондай ақылды ғой. Ең бастысы, өзіңізді тастамаңыз. Өзіңізді құрметтеңіз. Өзіңізді ренжітуге жол бермеңіз. Бұл күндер де өтіп кетеді”, – деп кеңес айтты әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі тағдырының дәл осылай болғанына өкінбейтінін және ешкімге ренжімейтінін айтты. 

“Өткенге өкінбеймін. Жаратушымыздың заңы бойынша кемелдену үшін көру керекті көреміз. Өмірді ұғыну үшін түрлі жолды кешіп, таңдау жасаймыз. Ол сынақтардың соңынан сен оған немесе ол саған бірдене бергенін ұғыну да маңызды. Ешкімге ренішім жоқ. Жолым ашық болуы үшін ашу, ыза, агрессия, ренішті мидан алып тастауға тырысып жатырмын. Адамдарға, өмірге деген ренішің бітпейінше, проблемаларың да бітпейді екен. Алдыма түсіп, "былай жаса” деп жатқан ақылшылар болып жатыр. Бізбен тұрып, от-күлін шығарысқандай жазады ғой. Ондай адамдар жақындарына қауіпті деп ойлаймын. Мұндай жағдайды екі адамнан артық ешкім білмейді. Сондықтан өздері шешкені дұрыс", – деп жазды өнер иесі. 

Скриншот: Instagram/bidash_official

Еске салайық, әнші жақында шетелге көшетінін мәлімдеген еді. Әзірге қандай елде тұратынын жария етпеді. 

Талқылау