Биткоин бағасы рекордтық деңгейге жетті
Фото: pixabay.com
Биткоин айырбастау бағамы тағы да рекордтық деңгейге жетті. Binance биржасындағы сауда деректеріне сәйкес, сағат 11:00-де криптовалюта бағасы 117 908 доллар (61 286 220 теңге) болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биткоинді АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің саясаты қолдайды.
Truth Social компаниясына иелік ететін Trump Media & Technology Group биткоинға инвестиция салатын криптовалюта ETF шығаруды жоспарлап отыр.
Биткоин жыл басынан бері 19% өсті. Ал өткен жылы екі есеге жуық өсті. Энтони Помплиано, Professional Capital Management инвестициялық компаниясының басшысы биткоиннің тәуекел-рентабельділік қатынасы теңдесі жоқ деп есептейді.
Айта кетейік, бұған дейін Биткойн бағамы мамыр айында 109 400 доллардан жоғары болған еді.
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып тастаған
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан