Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Байжановқа адвокат тауып бергенін растады
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаев сотта өзімен бірген айыпталған Байжановтың қорғаушысын өзінің бұрынғы әйелі жалдағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желідегі сұрақтарға жауап берген Бишімбаевтың бұрынғы жары Назым Қаһарман Байжановқа адвокат табуға көмектескенін растады.
“Мен сауатты, қазақ тілді адвокат табуға көмектестім. Бірақ ақшасын туыстары, достары бірігіп төлеп отыр. Мен де үлесімді қостым. Екінші адвокатты мен тапқан жоқпын, төлем туралы да білмеймін”, – деді Бишімбаевтың бұрынғы жары.

Фото: instagram.com/@nazymkakharman
Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаев бұрынғы әйелі мен Байжановты cөз байласып өзін тонады деп айыптағаны туралы жазған едік.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"