Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызыма әкең оны сүйгендіктен өлтірді деген": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балаларын не үшін ата-әжесімен араластырмайтынын айтты

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым ҚаҺарман балалары мен Бишімбаевтың ата-анасы арасындағы қарым-қатынасқа не себепті шектеу қоятынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден

"Менің балаларым, өкінішке қарай, бала кезінен қиындықтарға тап болды: әкесі мен шешесі тату өмір сүрмеді,  2017 жылы әкелері сотталды, біз оған бардық, қолдадық, артынша ажырастық, одан кейін оның үйлену тойы болды, жаңа әйелімен жанжалдар, артынша оның қазасы... Балалар, Құдайға шүкір, қазір психологтың, жақсы ортасының, менің туыстарым мен достарының көмегімен моральды тұрғыда дұрыс қалыптасты. Олар ненің жақсы, ненің жаман екенін ажыратады", — деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Instagram парақшасында.

Назым Қахарманның айтуынша, балаларын Бишімбаевтың ата-анасымен араластырмау туралы шешім олардың Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты балалардың көзінше түсініксіз мәлімдемелер жасағанынан соң қабылданған.

"10-11 қарашада маған да, балаларға да бәрі түсінікті болды. Сіздер қазір естіп жүргеннің барлығын біз сол кезде естіп алғанбыз. Сараптама мен барлық қорытынды жасалмай тұрып. Оның үстіне қызыма “әкесі құлай сүйгені үшін өлтірді” деген сөз айтылды. Тағы да басқа қорқынышты дүниелер айтылды. Мен ол туралы айтқым да келмейді. Бұның бәрі мені де, балаларды да жерітті. Мен ана ретінде тәрбиенің бұл үлгісіне қарсымын және қарым-қатынасты шектеуді шештім. Балалар өз тәжірибесімен мені толық қолдады", – деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-жұбайының көлігімді ұрлап кетті деген айыптауына жауап беріп, Қуандықтың әкесі тарапынан физикалық қысым көргенін мәлімдеген еді. 

Талқылау