Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың адвокаты сотта Абайдың үшінші қарасөзінен үзінді оқыды

Қуандық Бишімбаевтың сотындағы жарыссөзде сөйлеген оның қорғаушысы Лейла Рамазанова Абай Құнанбаевтың "қара сөздерінен" үзінді келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Жауапкердің қорғаушысы Лейла Рамазанова Абайдың үшінші қарасөзінен мысал келтірді. 

"Елдегі жақсы адамдардың бәрінің үстінен бекер, өтірік "шапты, талады" деген әртүрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание – тергеу шығарады. Өтірік көрмегенін көрдім деуші куәлар да әлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамас үшін. Ол адам басын құтқармақ үшін жамандарға жалынса, оның да адамдығының кеткені. Егер жалынбаса, тергеулі, сотты адам болып, ешбір қызметке жарамай, басы қатерге түсіп өткені. Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді. Өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп", – деді адвокат Лейла Рамазанова.


Сөз соңында Рамазанова алқабилерді сотта қаралған және Бишімбаевтың азаптауда кінәсіз екенін дәлелдейтін барлық мән-жайды ескеруге шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың сотында өткен жарыссөзде прокурор Айжан Аймағанова Абай Құнанбаевтың "қара сөздерінен" мысал келтірген еді.

Талқылау