Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге қамауға ауыстырылды
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әйелін өлтіргені үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге қамалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы сот
Ақпаратты комитет растады.
"Аталған сотталған адам сот үкіміне сәйкес қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге кезең-кезеңімен жіберілді. Сонымен қатар қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес, сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Кодекске сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.
Еске салсақ, Ішкі істер министрлігі осыған дейін Бишімбаевтың уақытша ұстау изоляторында еркін жүріп-тұрғаны туралы ақпаратқа пікір білдірген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"