Бишімбаев ісі: Сот алқасы судьяны ауыстыру туралы өтінішті қанағаттандырмады
Сот алқасы Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановтың судья Айжан Көлбаеваны соттан шеттету туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тікелей эфирден скриншот
Өз әйелін өлтірді деген айыппен сотқа тартылған Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судьяны ауыстыруды талап еткен еді. Осыдан соң албилер сот залынан шығарылып, кеңес өткізілді. Сол алқасы бұл өтінішті қанағаттандырмады. Істі әрі қарай Айжан Көлбаева жалғастыра береді.
Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты судьяны істен шеттетуді талап еткені айтылған еді.
Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді