Бишімбаев ісі: Куәгер сот отырысында сөзінен жаңыла бастады
Сотта куәгер – Бишімбаевтың пәтерін жөндеу бөлімінің басшысы Әбіл Нұрқайдардан жауап алынып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан алынған скрин
Куәгердің айтуынша, екінші сотталушы Бақытжан Байжанов одан марқұм Салтанат Нүкенованың телефонын гастро-орталықтан пәтеріне апарып беруін сұраған.
Ол Байжановпен Тұран мен Қорғалжын тас жолының қиылысында кездескен. Байжанов Салтанат Нүкенованың телефонын Нұрқайдарға беріп, кетіп қалған. Айыптаушы тарап бұл оның телефонының жалған геолокациясын тіркеу үшін жасалған деп есептейді.
Сонымен қатар куәгер сұрау кезінде сөзінен жаңыла бастады. Мемлекеттік айыптаушы телефонға Нүкенованың өзі хабарласты ма деген сауал қойды.
Куәгер, қобалжып "солай сияқты", - деп жауап берді.
Бишімбаевтың туысы, сотталушы Бақытжан Байжановқа аса ауыр қылмысты жасырды және хабарламады деген айып тағылып отыр.
Еске салайық, Жұбайын өлтірді деген күдікті, экс-министр Бишімбаевтың соты жалғасуда. Алқабилердің қатысуымен басталған бүгінгі сотта судья Құлбаева адвокаттардың шағымынан соң залдағы трибунаның орны ауыстырылғанын мәлімдеді.
Бұған дейін жәбірленуші тараптың адвокаттары соттың ұйымдастырылуы мен судьяның әрекеттерін сынға алды. Олар тіпті қарапайым сот залындағы трибунаның алқабилер қарап тұрмағанын, куәгерлердің эмоцияларын ешкімнің көрмегенін айтып шағымданды.
Осыған орай бүгінгі сотта зал ішінде өзгеріс болған.