Біртанов: Коронавируске қатысты әуежайлар қатаң бақылауға алынды
Денсаулық сақтау министрлігі Қытайдан бөлек басқа елдермен мемлекеттік шекарадағы бекеттерде де санитарлық бақылауды күшейтетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: Қазақпарат сайтынан
Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайдың жаңа деңгейін жариялауына байланысты қоғамдық денсаулық сақтау саласында қосымша шаралар қабылданды. Ең бірінші кезекте бүгіннен бастап Денсаулық сақтау министрлігі Қытай ғана емес, басқа елдермен де мемлекеттік шекарада орналасқан бекеттерде санитарлық бақылауды күшейтеді. Бұл ретте ең алдымен халықаралық рейстер орындалатын әуежайлар, сонымен бірге біздің елдің халықаралық теңіз және автокөлік жолдарымен шектесетін шекаралары туралы айтылып отыр», - деді Елжан Біртанов.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"