Біртанов Қазақстандағы коронавирус мәселесі қашан басылатынын айтты
Денсаулық сақтау министрі елдегі төтенше жағдай коронавирус пандемиясы басылмаса, одан әрі ұзартылуы мүмкін екендігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
"Төтенше жағдайдың ұзартылуы коронавирус инфекциясының Қазақстандағы эпидемиялогиялық жағдайға тікелей байланысты. 15 сәуірге дейін ауруға шалдығудың жолын кесеміз деп үміттенеміз. Осы кезде жағдай түзеледі", - деді Біртанов.
Сөзінше, төтенше жағдайды тоқтату туралы шешімді мемлекет басшысы қабылдайды.
"Мемлекеттік комиссия отырысы кезінде біз бұл тақырыпты күн сайын талқылаймыз. Әрине, егер мәселе одан әрі ушықса, керісінше, төтенше жағдайды ұзартамыз", - деп қосты министр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ауру жұқтырғандың саны 79-ға жеткендігі туралы айтылған еді.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"