Бірге жұмыс істейтін 7 өрт сөндірушінің әйелі бір уақытта босанды
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штаты Солсбери қаласында бір станцияда жұмыс істейтін жеті өрт сөндірушінің әйелі шамамен бір уақытта босанды.

Алғашында бұқаралық ақпарат құралдары наурыз айында күйеулерінің киім формасын киіп түскен жүкті әйелдердің суретіне назар аударды. Ол кезде әйелдер жүктіліктің әртүрлі кезеңдерінде болды. Сурет әлеуметтік желілерде кең таралды.
Қыркүйек айында әйелдердің бірі Брианна Митчеле өзге әйелдер мен олардың жаңа туған сәбилерін бірге түсірді.
«Болашақ аналармен суретке түскен сәттен бастап алты ай өткеніне сенбеймін. Уақыт зулап жатыр. Балалары мен аналары өрт сөндіру станциясында тұр», - деп жазды ол суретті жариялай отыра.
Әйелдер журналистерге әдейілеп бір уақытта жүкті болмағандарын және бір-бірінің балалы болу жоспарлары туралы білмегендерін айтты.
«Мүмкін біздің күйеулеріміз жоспарлаған шығар», - деп қалжыңдады бірі.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты