Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірде-бір ағаш кесілмейді": Алматы әкімі оқушылар сарайы аумағындағы скверді өзгерту бастамасы жайлы айтты

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаладағы оқушылар сарайының аумағындағы скверде жүргізілетін өзгерістер жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша, сквер аймағында көркейту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сарай

“Бір аптаның ішінде Алматыдағы оқушылар сарайының аумағындағы сквер жайлы сұрақ көптеп түсті. Мұнда өзгерістер енгізу туралы алғашқы жоба 2018 жылы дайындалған. Оны әкімдік тоқтатып өзгерістер енгізген еді. Тағы бір рет қайталаймын: сквердің бүгінгі сипаты өзгермейді. Алдағы дүйсенбіде жобаны қайта көрсету жоспарымызда бар”, – дейді Досаев.

Сонымен қатар ол сквер аумағындағы ағаштар кесілмейтінін алға тартты. 

“Бірақ, бір айта кететіні, бүгін бұл аймақта суғару жүйесі жоқ, газон жоқ, жол сапасы нашар. Қазір жаяу жүргіншілер жолын ауыстыру қажет болып тұр, себебі жазда асфальт қызып кетеді. Кешке скверде жарық тағы жоқ. Ағаштарға ешкім тиіспейді, бірде-бір ағаш кесілмейді. Жаңартылған жоба міндетті тұрде жарияланады. Аббатандыру бойынша жұмыстар осы жылдың қараша айына дейін аяқталауы керек”, – деді қала әкімі.

Айта кетсек, бұған дейін тұрғындар мен экобелсенділер қаладағы оқушылар сарайына қарасты сквердің бұзылуына қарсы шыққан болатын. Олар өз кезегінде бұл аймақта жасыл желектің орнына жол салуға қарсылық білдірген. 

Талқылау