Бір жарым жыл бұрын Алматыда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті Өскемен маңындағы орманнан табылды
Алматыда бір жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамның сүйегі Өскемен қаласының сыртында орман белдеуі арасынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Noks.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам 2021 жылдың 13 наурызында Алматыда жоғалған. Белгілі болғандай, ер адам 30 жаста болған.
Сол күні сағат 06.30 шамасында ол Райымбек даңғылындағы жұмысынан шыққан. Осыдан бастап оны ешкім көрмеген. Жақында LIDER.KZ еріктілер қозғалысы оны іздеу жұмыстары тоқтатылғанын хабарлады.
“Оның сүйегі Өскемен қаласының іргесіндегі орман белдеуінен табылды. 19 шілдеде бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама жүргізілуде", – деді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қыздың денесі табылды (видео)
"Тексермесе, төлемей отыра береді": Алматы тұрғындары жолақысын төлемейтін жолаушылар көбейгеніне шағымданды
Бұл мәселе желіде қызу талқыланып жатыр
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді