"Бір тәулік бойы тоқтаусыз шырқаған": Қазақстандық термешілер әлемдік рекордтар кітабына енді

Ақтөбеде бір тәулік бойы тоқтаусыз қисса, терме мен батырлар дастанын жырлаған өнерпаздар әлемдік рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тәуелсіз сарапшылар "Ер Едіге" жыр мектебінің шәкірттерінен құралған 36 жыршының өнерін жоғары бағалап, үздік деп таныған. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты ұмыт болған қазақ фольклорын қайта жаңғыртып, жаһанға таныту.
“Жыраулардың осындай өнері, ежелден ата-бабамыздан қалған дәстүріміз ғой. Бұрындары атақты жыраулар елге келіп, ауылдарға барып екі-үш күн жырлаған екен. Сол жырларды жатқа айтып. Ақтөбе облысында осындай дәстүр тіріліп жатыр, жанданып жатыр”, – деді қоғам белсендісі Естай Жайлыбай.
24 сағат бойы үздіксіз жыр айту өзіндік ережелері бар ерекше дәстүр. Бұл уақытта 36 жыршы кезекпен шығып, "Қырымның қырық батыры" эпосын, "Пайғамбарлар қиссасын", сондай-ақ батырлар жыры мен термелерді орындайды. Ең басты талап – жыр бір сәтке де үзіліссіз жалғасуы керек.
-
Қазақстандық мұғалім екі саусағының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына енді
-
Ферма рекордтық өнімнен кейін миллиондаған картопты тегін таратты
“Ел халқымызға осы жаңалық үрдіс болып жалғасса дейміз. Жыршылардың әрқайсысы бір дастаннан, екі дастаннан әрқайсысы ең азы 20-40 минуттан, алды екі сағат, үш сағат, төрт сағатқа дейін жырлайтындары бар”, – деді жыршы Әділбек Сарин.
Бұл ерекше жобаны Азия мен Африка аймақтары бойынша GBR әлемдік рекордтар кітабының сарапшылары қадағалап, қорытындысын шығарды. Мамандар жыршылардың өнеріне жоғары баға берді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған