Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір реттік алым 200 мың теңге: Парламент шетелдік көлікті тіркеу туралы заң жобасын мақұлдады

Парламент Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кіргізілген шетелдік көліктерді тіркеу және бір реттік алым жайлы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көлік

Шетелдік көлікті елімізде 200 мың теңгеге тіркеуге қояға болады. Негізгі талап – көлік Қазақстан аумағына 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кіргізілген болуы қажет. Сенат заң жобасын президенттің қол қоюына жіберді. 

"Шетелдік көліктерді заңдастыру мақсатында тіркеу үшін бірыңғай алым енгізу 300 мыңға жуықты тіркеуге алуға мүмкіндік береді. Ал бюджет көлік салығы есебінен толығады", – деді депутат Ғұмар Дүйсембаев. 

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мұндай өзгерістің тек салық төлеушілер үшін ғана емес, ел экономикасына да оң әсер ететінін мәлімдеді. 



Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында көліктерге салынатын утиль алым көлемін 250 мың теңгеден асырмауды тапсырды. 

"Алдағы уақытта көліктерді әкелудің барлық заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте биылғы жылдың қыркүйегіне дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет.

Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде утиль мөлшері мен бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын", – деді президент.

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр