Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір күн ерте кеткен дұрыс": Назарбаев Мәсімовке отставкаға кететінін қалай айтқан

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуі туралы айтты. 

Оның айтуынша, ол алғашында елбасы шешімімен келіспеген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы "Хабар" телеарнасында ұсынылған Нұрсұлтан Назарбаев туралы "Көшбасшы болу өнері" туралы деректі фильмде айтты.

"19 наурызға дейін бір-екі күн бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы менімен әңгімесінде құпияны ашты. Өзінің өкілеттігін тоқтататыны туралы шешім қабылдағангын айтты.

Мен олай жасалмау керек деп ойладым, уақыт әлі келген жоқ деп ойладым. Нұрсұлтан Әбішұлына кеңесімді бердім: "Осындай шешімді қабылдаудың сәті асығыс емес пе. Мандат 2020 жылдың соңында аяқталады емес пе дедім.

Нұрсұлтан Әбішұлы маған бір күн кеш кеткенше, бір күн бұрын кеткен дұрыс екенін айтты.

"Бұл шешімнің дұрыс екенін сіз түсінесіз. Барлығы уақытында жасалуы керек және барлық уақытында орындалуы керек". Өмір оның дұрыс шешім жасағанын көрсетіп жатыр", - деп қорытындылады Мәсімов.


"Оны сатып кеткенде қатты уайымдайды": Мәсімов Назарбаев жайында >>>
Талқылау