AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігі: Мұғалімдерге оқулықты таңдау құқығы беріледі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында мектеп мұғалімдері өз пайымы бойынша тиімді деп тапқан оқулықтарды таңдай алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан мектептерінде гимназия үшін де, лицей үшін де, жалпы білім беретін мектеп үшін де бейіндік бағытты есепке алмайтын бірыңғай оқулықтар енгізілген.

"Әңгіме 1-11 сынып оқулықтарының баламалығы жайында болып отыр. Бұл өте маңызды деп санаймыз. Сондықтан мектеп мұғалімдерінің өз пайымы бойынша тиімді деп тапқан оқулықтарды таңдай алуы өте маңызды", – деді БҒМ басшысы.

Аймағамбетов бұл норма педагогтардың өз қажеттілігін есепке ала отырып тапсырыс жасауға мүмкіндік беретінін айтты.



"Алайда Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарих бойынша бірыңғай оқулықтар қала береді ", – деп түйіндеді ол.

Айта кетсек, 1 қыркүйекте Қазақстандағы барлық оқушы дәстүрлі форматта оқиды. Алайда мектепке Ashyq қосымшасы арқылы кіру қажет болады. Білім және ғылым министрлігі ұсынған ақпарат бойынша, бұл инфекция жұқтырған педагогтар, ата-аналар мен мектеп қызметкерлерінің оқу ордасына кіруіне тосқауыл болады. Оқушыларға QR-кодты сканерлеу қажет болмайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр