Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Билетті қайтару – мың теңге: «Жолаушылар тасымалына» 2 миллион доллар айыппұл салынды

Ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті «Жолаушылар тасымалы» компаниясына қатысты тергеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Билетті қайтару – мың теңге: «Жолаушылар тасымалына» 2 миллион доллар айыппұл салынды

«Монополияға қарсы орган «Жолаушылар тасымалы» АҚ әрекеттерінен басымдылығын теріс пайдаланып, жол жүру билетін қайтару кезінде 1 000 теңге ұстап қалу дерегі анықталды», - дейді ведомстводағылар. 

Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық әкімшілік соты 15 қазанда компанияны заңбұзушылық жасады деп танып, 865 миллион теңге (2,2 млн долладан аса) айыппұл салды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Stan.kz
Жұма, 01 Қараша, 2019 11:23