Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл ҰБТ-ны өткізуге қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде 2021 жылы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын қаржы көлемі белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Осыдан бірнеше жыл бұрын ҰБТ-ны өткізуге кететін шығын көлемімен келіспеуге болатындай еді. Бірақ біз жылдан жылға шығын көлемін азайтып келеміз. Өткен қағазды түрде ҰБТ-ны өткізуге 1 млрд теңге қаржы жұмсалды. Ал биыл 600 млн теңгеден астам қаражатты үнемдегелі отырмыз. Жалпы биылғы ҰБТ-ты ұйымдастыру мен өткізуге 400 млн-ға жуық теңге жұмсалады. Ал келесі жылы бұдан да аз қаржы жұмсалатын болады. Өйткені биыл ҰБТ-ның жаңа форматқа көшуіне байланысты болып отыр", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Сөз соңында Ұлттық тестілеу орталығының басшысы биылғы ҰБТ-ға 400 млн теңгеден аспайтынын қаржы жұмсалатынын тағы бір нақтылап кетті. 

Айта кетсек, биыл мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. 

Компьютерлік ҰБТ-ға өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының https://app.testcenter.kz/ сайты арқылы беруге болады. Тіркеу онлайн режимде жүргізіледі, ешқандай құжат пен фотосуреттер талап етілмейді. Абитуриент сайтқа кіріп, кез келген тестілеу пунктін, ҰБТ тапсыру күні мен өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды.

Егер бұрын талапкерлерге ҰБТ-да кітапшаның қағаз нұсқасы мен жауап парағы берілетін болса, енді үміткерлер тестілеуді компьютер арқылы тапсыратын болады. Электрондық тестілеу форматы ашықтықты қамтамасыз етіп, ыңғайлы әрі тиімді болып табылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр