Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Биыл қысым көп": Рыбакина "Уимблдондағы" титулын қорғау алдында дайындығы туралы айтты

Қазақстанның үздік теннисшісі және әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдондағы" чемпиондық титулды қорғауға дайындығы туралы айтып берді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рыбакина

"Үлкен Дулыға" турнирі 3 шілдеде Лондонда басталады.

"Биыл менің ойындарымда бәрі басқаша болды. Австралияның ашық чемпионатының финалында ойнадым, Уимблдонда алған тәжірибемді сол жерде қолдандым. Енді не күтетінімді білемін. Турнирге дайынмын деп ойлаймын. Әрине, көптеген жақсы теннисшілер бар. Тіпті бірінші айналым әрқашан оңай бола бермейді, бірақ біз командамен өткізген дайындық өте жақсы болды. Әр матч сайын өзімді жақсы сезінемін деп үміттенемін”, – деді Рыбакина.

Айтуынша, биыл қысым көбірек. Өйткені оны танитындар және үміт артып отырғандар көп.

“Титулды қорғауға жеткілікті  деңгейде ойнаймын деп үміттенемін. Өткен жылы Уимблдонда ала алмаған ұпайлар туралы көп ойламаймын. Енді жаңа мүмкіндік бар. Әр турнир ұпай жинау мүмкіндік береді", – деді қазақстандық спортшы.

Талқылау