Биыл әскери қызметшілердің жалақысы өседі
Биыл әскери саладағы қызметшілердің жалақысы өседі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік өкілінің айтуынша, әскери дәрігерлердің де айлығын көтеру мәселесі қарастырылып, қолдау тапқан. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің айлық табысы 30 пайызға артатынын айтты.