Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қажылық маусымының қашан басталатыны белгілі болды

Жыл сайын қажылыққа баратын қазақстандықтар саны артып келеді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нөкежанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

қажылық

Сурет: nur-kazakhstan.kz

"Биылғы қажылық маусымы 30 шілдеден басталады. 30 шілде күні қажылыққа ниет танытқан азаматтар Шымкент пен Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясына аттанады. Осы қажылыққа бару бойынша Сауд Арабиясы корольдігі тарапынан бізге 3 200 азаматқа квота берілді", - деп айтты Нөкежанов.

Қазақстандықтарды қажылыққа Сауд арабиясының Fly Nus және Қазақстанның Scat әуе компаниясы тасымалдайды.

Мұсылмандар діни басқармасы жанынан 12 адамнан тұратын арнайы қажылық миссиясы құрылды. Оның құрамына 8 басқарма өкілі, дін істері комитетінің өкілі және 3 дәрігер кірді. Миссияның төрағасы - бас мүфтидің орынбасары Алау Әділбаев.

Оның сөзінше, жыл санап қажылыққа баратын қазақстандықтар саны артып келеді. 1990-2019 жылдар арасында азаматтарға Сауд Арабиясы тарапынан 56 635 қажылық квота бөлінген. 1990 жылы 50 квота бөлінсе, бүгінде саны 3200-ге жетіп отыр.


Қария қажылыққа жинаған ақшасына көршісіне үй салып берді
Талқылау