Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Безіп кеткім келді": Мақпал Жүнісова ел аралап концерт берген сәтін есіне алды

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова сонау 90-жылдарды есіне алып, гастролдік сапарларын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі жеке парақшасында видео жариялап, естелігін бөлісті. 

“Сол кез есіме түссе, безіп кеткім келеді. 9 облысты аралап, камаздың үстінде ән айттым. Дәл мен баратын жерлердегі Мәдениет үйінің айналасын қазып тастаған. Окоп сияқты шұңқыр болып жататын еді. Отан соғысына барып келгендей болдым. Сол кезде видеоға түсіру жоқ”, – деп есіне алды әнші. 



Одан кейін өнер иесі тастамай киген көйлегінің тарихын айтты. Оны Шри-Ланка, Марокко және Үндістанға да киіп барған.

"Осы костюмді әбден тоздырып кидім. 1985-те "Гүлдер" ансамблі тіктіртіп берген. Бомбей қаласында 40 күн фестиваль Советской песни өтті. Қазақстаннан Бибігүл Төлегенова, "Мұрагер" ансамблі, мен және "Гүлдер" ансамблінің бишілері қатысты. 100 мыңдық стадионда күнде лық толы халық болатын”, – деді Халық әртісі. 

Еске салайық, Мақпал Жүнісова "Алтайдың ар жағынан келген ару" әнінің тарихын баяндаған еді. 

Талқылау