Бейжіңде өткен Паралимпиада ойындарының қола жүлдегеріне пәтер берілді
Қытайдың Бейжің қаласында өткен Қысқы Паралимпиада ойындарының жүлдегері Александр Герлицке пәтер кілті мен 5 миллион теңге берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшы Бейжің Олимпиадасының жалғыз жүлдегері атанған. Герлицке пәтер кілтін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыстады.
Құмар Ақсақаловтың әлеуметтік желідегі парақшасында спортшылармен түскен суреттер жарияланды. Әкім паралимпиадашылар Ербол Хамитов пен Сергей Усольцев, конькиші Иван Аржаников пен жаттықтырушыларына сертификат және ақшалай сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, бұған дейін Александр Герлицтің Паралимпиада қола медаль жеңгені туралы хабарлаған едік. Спортшы 10 шақырымға биатлон жарысына қатысқан.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды