Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық парабиатлоншы Паралимпиаданың қола жүлдесі үшін 38 млн теңге алады

Александр Герлиц Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанғаны үшін мемлекеттен 75 мың доллар (38 млн теңге шамасында) сыйақы алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

александр герлиц
Халықаралық спорт жарыстарындағы жүлделі орындар үшін ақшалай ынталандыру мөлшері үкіметтің тиісті қаулысымен белгіленген.

Халықаралық жарыстардағы бірінші орынға 250 мың доллар (127 млн теңге), екінші орынға 150 мың доллар (76 млн теңге) және үшін орынға 75 мың доллар (38 млн теңге) төленеді.

Парабиатлоншы Александр Герлиц Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарының алғашқы жеңімпазы атанды. Ол мемлекеттен 38 миллион теңгеге жуық қаражат алады.



Қазақстандық спортшыны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

"Мен Александрды жеңісімен құттықтаймын және бұдан да үлкен спорт жолындағы жетістіктерге жетуді тілеймін", - деп жазды мемлекет басшысы  Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Бейжіңде өткен қысқы Олимпиада ойындары 20 ақпан күні аяқталған еді. Бұл жарыс жолында қазақстандық спортшылар бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмаған. Көрермендер көп үміт артқан біраз спортшыларымыз жарыс жолының жартысынан сүрінсе, мәнерлеп сырғанаушыларымыз Олимпиада ойындарына мүлдем жолдама ала алмады.

Осы нәтижеден кейін көп көрермендер еліміздің қысқы спорт түрінің тұралап қалғанына наразы болып, сынның астына алған. Қазақстан Бейжің Олимпиадасына дайындыққа және қатысуға мемлекеттік бюджеттен шамамен 600 миллион теңге қаражат бөлген.

Талқылау