Бейтаныс бойжеткен сахнада тұрған Қайрат Нұртастың мойнына асылып, құшарлана сүйіп алды
Танымал хитмен Қайрат Нұртастың мойнына асылып, бетінен сүйіп алған бейтаныс бойжеткен сынның астында қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші Мирас Жүгінісовтің концертінде өнер көрсеткен Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды. Ән айтып тұрып ол жиналған көрерменнің арасынан бейтаныс бойжеткенді сахнаға шақырды. Топ арасынан атылып шыққан ару сахнаға шығып Қайрат Нұртастың мойнына асылып, бетінен сүйіп алды. Бейтаныс қыздың бұл әрекетінін біреулер батылдыққа баласа, енді бірі жас қыздың отбасылы ер адамның мойнына асылғанын құп көрмеді. Кейбір желі қолданушылары қыздарға мұндай қылықтың жат екенін түсіндіріп әлек.
“Тана көзін сүзбесе бұқа жібін үзбейді”, “Қыз балаға нәзіктік тән”, “Мынадай ерсі қылық жасамаңыздар”, “Отбасылы еркекке асылып, ұят емес пе?”, “Жарайсың,ешнәрседен қымсынып тұрған жоқ”, – деп жазған көпшіліктің пікірі екіге бөлінді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр