Бейсен Құранбектің туған анасы қайтыс болды
Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің туған анасы көз жұмды. Ғазиз ана ұлының қазасы өтпей жатып өмірден озды.

Құранбековтер әулеті тағы да қара жамылды. Бейсендей асыл азаматтан айырылған әулет алыпты туған анадан айырылып отыр.
Қайғылы хабарды тележүргізушінің дос-жарандары, әріптестері хабарлап жатыр. Қаралы хабарды марқұмның жақындары растады.
Бейсен Құранбек ата-әжесінің тәрбиесін көргендіктен әжесін ана деп өскен. Туған ұлын еміре иіскей алмаған ана баласының соңынан кете барды. Жақындары Зияш деп атап кеткен Ямалиға ана мәңгілік сапарға аттанды.
Құранбековтер әулетіне қайғырып көңіл айтамыз.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған