Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетіме укол салдырамын": Әлішер Каримов пластикалық ота жасатқанын растады

Танымал әнші Әлішер Каримов пластикалық ота жасатып, бет-әлпетін өзгерткенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/alisher_k/

Өнер иесі Асхат Садырбай Media youtube-арнасына қонақ болып, сыртқы келбетіне қатты күтім жасайтынын айтты.  

“Менің бетімнің өзгергені біраз әңгіме болып еді. Пластикалық ота жасатқан жоқпын, бірақ көзімнің үстін кестім. Менен кейін бәрі кесе бастады. Айқын Төлепберген де көзінің үстіндегі артық етті алдыртты. Сахнада жүргесін әдемі болып жүру керек. Қабағым түсіп кетті. Ұйқыдан тұрсам болды, шаршаған бетімді көретінмін. Ісіп кете беретін. Санкт-Петербургке бардым да, 40 минуттың ішінде жасаттым. Бетіме, жағыма, мұрныма укол саламын. 40-қа келемін ғой енді. қартайып қалған жоқпыз. Оны жасырмаймын, бұл қалыпты жағдай. Косметологқа барып тұрамын. Бұл маған ұнайды, барғанда демаламын. Сахнада жақсы көріну үшін өзіңе күтім жасауың керек", – деді ол.



Сонымен қатар әнші денсаулығы сыр беріп, бір өлімнен аман қалғанын айтты. 

"Денсаулыққа мән беру керек. Менің жағдайымда омыртқа мәселесі болды. 11 сағат омыртқама ота жасады. Бірнеше сағат бойы наркоздың астында жаттым. Жасатқаным дұрыс болды. Омыртқамның ауырғаны, қисықтығы кетті. Отаны Оңтүстік Кореяда жасаттым. Құны бір пәтердің бағасы болды. Бұрын екі сағат концерт берсем, екі сағат бояндыратын бөлмедегі кереуетте жататын едім. Ал қазір бір күнде 3 концерт бере аламын. Омыртқам ауырмайды. Денсаулықтың қадірін түсінеді екенсің", – деді әнші. 

Айта кетейік, өнер иесі Назарбаев әулетімен жақсы қарым-қатынаста болғанын жасырмаған еді. 

Талқылау