Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бесінші баласын босанған Динара Сұлтанға енесі қарыннан арнайы ас әзірлеп берді (видео)

Таяуда бесінші баласын дүниеге әкелген әнші Динара Сұлтан ұлды болғаны үшін енесінің арнайы ас әзірлеп бергенін айтып мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Динара Сұлтан Instagram желісіндегі парақшасында енесінің мал сойып, арнайы ас әзірлеп бергенін айтты.

«Менің алтын енем ұлтабар дайындап берді. Әйел адам (келіні) ұл тапқан кезде осылай еркелетіп, мал сойып, қарынға қуырдақ салып пісіріп береді екен… Рахмет!» – деп жазды әнші.

Өз кезегінде желі қолданушылары видеода көрсетілген астың ұлтабар емес екенін, ұлтабардың жүкті келінге дүниеге ұл әкелуі үшін берілетінін айтып жатты.

 

Естеріңізге сала кетсек, әнші наурыздың 4-і күні 3 қыз, бір ұлдан кейін тағы бір ұл перзентін дүниеге әкелген еді.

Оқи отырыңыз:

Бағым Мұхитденова: Күйеуіме мен емес, құрбым ұнап қалған сияқты

Сәбиімен бірге жартылай жалаңаш суретке түскен отандық актриса жұртты ашуландырды (фото)

Төреғали Төреәлі: Өмірімнің өрнегі болған асыл жарымды өзге көзден қызғанамын

Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді

Талқылау