Бес күн бойы ауруды өзі емдемек болған: Петропавлда ер адам тісжегінің кесірінен ажал құша жаздады
Петропавлда 47 жастағы ер адам бес күні бойы тіс ауруын өзі емдеп келген. Алайда ауру қабынып, ірің мойынға дейін жеткен. Салдарынан ер адам жансақтау бөліміне түсіп, дәрігерлерге жедел ота жасауға тура келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.

Жансақтау бөлімінде ер адамның жағдайы күрт нашарлағандықтан, дәрігерлер ота арқылы іріңді түтікпен шығарған.
"Ірің мойынға өткендіктен, ауыз қуысының флегмонасы ашылды. Диагноз – "медиастинит". Бұл өте ауыр жағдай және науқастың өміріне қауіп төнеді. Барлығы тісжегіден басталды. Биылдың өзінде осындай диагнозбен екі адам ажал құшты", – деді Петропавл қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының жақ-бет бөлімінің меңгерушісі Ерназар Әділшин.
“Қазақ тілінің арқасында кәріс тілін үйрендім”: Желіде қазақша сөйлеген кәріс азаматы жұрттың ықыласына бөленді
Владислав қазақ тілін арнайы сабақ алып үйренбеген
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті