Bereke Bank жаңа жыл қарсаңында айрықша кешбэктер тарту етеді
Bereke Bank сіздерге мерекелік көңіл күй сыйлайтын жаңа акция жариялайды! Bereke Bank-те "Күн сайын" жаңа депозитін ашып, картамен жасаған барлық саудаңызға айрықша жоғары кешбэк түрінде қосымша бонус аласыз. Сондай-ақ "Күн сайын" депозитінің иелері мынадай көптеген артықшылықтарға ие болады. Депозитке күн сайын пайыздар түсіп отырады. Одан бөлек, мұнда онлайн қолжетімділік пен ақша қаражатын депозиттен кез келген уақытта пайыздарды жоғалтпай шешіп алуға, толтыруға болады. Ал жылдық мөлшерлемесі 15,3%-ға (СЖТМ) дейін.
Кешбэк мөлшері депозиттік шоттағы салымыңыздың сомасына байланысты. Егер "Күн сайын" депозиті бойынша қалдық 2 000 000 теңгеден 4 999 999 теңгеге дейін болса, сіздің карта бойынша барлық саудаға берілетін кешбэк 5%-ды құрайды.
"Күн сайын" депозитіндегі сома 5 000 000 теңгеден 9 999 999 теңгеге дейін болса, кешбэк 7%-ға дейін артады.
Ал егер "Күн сайын" депозитіндегі қаражат 10 000 000 теңгеден көп болса, барлық жасаған саудаңызға максималды кешбэк 10% аласыз.
Акцияға қатысу үшін бүгіннен бастап 2024 жылдың 29 ақпанына дейін 2 000 000 теңгеден кем болмайтын сомаға жаңа депозит ашып, Bereke Bank картасымен төлем жасауыңыз қажет. "Күн сайын" депозитіндегі қалдық соманы 2 миллион теңгеден азайтпасаңыз, барлық артықшылықтарға ие боласыз.
Сондай-ақ Bereke Bank қызмет көрсету деңгейін арттыру және клиенттерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатыда B-Bonus+ сервисін ұсынады. Енді Bereke Bank-тің әр клиенті тауарлар мен қызмет ақысын картамен төлеу арқылы әр жасаған саудадан қосымша бонустар алады.
B-Bonus+ сервисі батырманы бір рет қана басу арқылы қосылады, бағдарламаны пайдаланушылар 3%-дан бастап 30%-ға дейін кепілдендірілген бонустар ала алады. Сауданың көптеген түріне 3% бонус есептеледі, такси және жанармай құюға 10%, кино билеттерін сатып алуға 30% бонус беріледі.
B-Bonus+ әр жасаған саудаңызды тиімді етеді.
Bereke Bank өз клиенттерін өте жоғары бағалайды, оларға қолайлы жағдай жасап, тиімді өнімдер ұсынады. Біз әр клиентіміз мерекелік көңіл күйді сезініп, өз болашағына сеніммен қараса екен дейміз. Сондықтан, біздің жаңа жылдық ұсынысымызды жіберіп алмаңыз!
Жаңа жылдық сауда жасап, Bereke Bank-тен айрықша кешбэк алыңыз. Келе жатқан жаңа жылды көңілді әрі есте қаларлықтай етуге көмектесеміз!