"Бензин колонкасының патшасы". Шымкенттік жанармай құюшы әнімен желіні тамсандырды
Шымкенттік жанармай құюшы Қазнетті әнімен бағындырады. 19 жастағы Бекзат Төребек жанармай құйған кезде танымал қазақ композиторларының әндерін орындайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме беріп.
Қалыптан тыс қызмет түрі жүздеген автокөлік жүргізушілеріне әсер еткен. Абай Құнанбаев пен Шәмші Қалдаяқовтың әндерін жігіт ерекше сезіммен шырқайды. Келуші клиенттер оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған, Бекзатты "бензин колонкасының патшасы" деп атаған.
"Келесі жылы үй сатып алам": Желіде би билеп танылған қарбыз сатушы жігіт сұхбат берді (видео)
Жігіт бала кезінен музыканы жақсы көретінін және үлкен сахнаны бағындыруды армандайтынын айтады. Музыка мектебі мен колледжді бітірген. Ал енді құжаттарын астаналық ЖОО-ға тапсырып қойған. Жас жігіт жанармай құю бекетінде отбасына материалдық көмек көрсету үшін уақытша жұмыс істеп жүргенін мойындады.
"Мен классикалық әнші болуды армандаймын. "Ла Скала", "Метрополитен", "Астана Опера"сияқты әлемдік опера театрларының сахнасында ән айтқым келеді. Мұның бәрі бала кезімнен бар", - дейді Бекзат Төребек.