Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Белгородтағы тұрғынүй опырылды: Қаза тапқандар бар

Ресейдің Белгород қаласындағы көпқабатты тұрғынүйге снаряд түсіп, 20 жуық адам ажал құшты. Облыс губернаторы Вячеслав Гладков бас-аяғы 27 адамның зардап шеккенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ресейдің төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Жексенбі күнгі ақпаратқа сәйкес, облыс губернаторы Вячеслав Гладков төтенше жағдай кезінде 19 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Гладковтың айтуынша, Щорса көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісі құлап, 15 адам мерт болса, атыс кезінде үш адам опат болған. Ал сенбі күні жарақат алған әйел ауруханада қайтыс болды. Жексенбі күнгі атыс салдарынан тағы 27 адам жарақат алды. Губернатордың айтуынша, зардап шеккен 6 адамды федералды клиникаларға жіберілуге ​​дайындап жатыр. Олардың арасында анасы мен бірге бір жарым айлық бала бар.

Үш адамның мәйіті табылған соң, тағы бір адамның қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. 

“Белгородтағы үйінді астынан барлығы 12 адамның денесі табылды”, – делінген хабарламада.



Төтенше жағдай министрлігі бұған дейін бір адамның құтқарылғаны туралы хабарлаған еді. Ол 6 сағат бойы үйінді астында жатқан. Оның даусын құтқарушылар кезекті бір минут тыныштық кезінде естіп қалған.

Бұған дейін Украина Қарулы Күштерінің снаряды Белгородтағы тұрғын үйді қиратып кеткен еді. 

Талқылау