Белгілі қырғызстандық хирург зардап шеккендерге көмектесу үшін Алматыға шұғыл ұшып келді
Қырғызстандық белгілі хирург Сабырбек Жұмабеков ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірден Алматыға ұшып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik-Қырғызстан сайтына сілтеме жасап.

Жұмабеков - Бішкек травматология және ортопедия ғылыми орталығының жетекшісі, Қырғыз Республикасы ҰҒА академигі және Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшесі. Дәрігердің көмекшісінің айтуынша, зардап шеккендердің туыстары оған жүгінген.
Дәрігердің өзі болса, Алматыға бірнеше хирургтармен ота жасауға келіпті.
«Негізінен, зардап шеккендерге аяқ-қолдарының сынуы диагноз қойылды. Алда қиын жұмыс күтіп тұр, бірақ біздің команда бәріне көмектесе алады деп ойлаймын. Біз мүмкін және мүмкін емес нәрсенің бәрін жасаймыз», – дейді дәрігер.
Ол Қазақстанды және зардаптан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды