“Белгіленген уақыттан 7 сағат ерте ұшқан”: Депутат Air Astana әуе компаниясын сотқа бермек
Air Astana ұшағы белгіленген уақыттан 7 сағат ерте ұшып кетті деген депутат Ирина Смирнова әуе компаниясын сотқа бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ирина Смирнованың Facebook парақшасынан
"Сағат 23.35-те мен Air Astana әуе компаниясы арқылы ұшуым керек еді. Алайда ұшақтың 7 сағат бұрын 16.30-да ұшып кеткені белгілі болды. Мен де, билеттерді сатып алған компания да хабарландыру алған жоқ! Мен Air Astana-ға қоңырау шалған кезде олар барлық шағымды билетті алып, сатқан компанияға жіберуді ұсынды", — деп жазды депутат Ирина Смирнова.
Талибан Қазақстанға әуе рейсін ашуға ниетті
Air Astana әуе компаниясының өкілдері ұшақтың уақыты өзгергені туралы алдын ала хабарланғанын алға тартты.
"Ұшу уақытының өзгеруіне байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін шын жүректен кешірім сұраймыз. Әуе компаниясы барлық жолаушыға өзгерістер туралы SMS хабарлама жібереді”, – деп мәлімдеді әуекомпания өкілдері.
Депутат әуе компаниясын сотқа беретінін айтты.
Еске салсақ, осыған дейін мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай сарбаздарға бие сүті мен жылқы етін беруді ұсынған еді.