Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беларусьтегі наразылық: Адамдар тағы да көшеге шықты

Минскідегі наразылықтардың екінші күні аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 тамызда Беларусьтің көптеген қалаларында наразылық білдірушілер мен полиция арасындағы қақтығыстар қайта жалғасты. Ішкі істер министрлігі бір адамның қаза болғаны туралы ресми түрде хабарлады. Минскіде наразылық білдірушілер баррикадалар салып, жолдарда қолдан жасалған танкке қарсы кірпі қалдырды. Бұған жауап ретінде қауіпсіздік күштері арнайы техниканы, суатқыштарды, жарық-шу гранаталарын, резеңке оқтарды қолданды, әскери арнайы күштер жұмылдырылды.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, наразылық білдірушілер мен Беларусь қауіпсіздік күштері арасында жеті сағаттық қақтығыстардан кейін тәртіп сақшылары демонстранттарды қала көшелерінен қуып шығарды. ІІМ арнайы бөлімшелері де Беларусь астанасының орталық даңғылдарын кете бастады. Ұсталғандарға толы автокөліктер де оқиға орнынан кетті. 

Қарсылықтың соңғы ошақтарының бірі Кунцевщин ауданы болды, онда акцияға қатысушылар Притыцкий даңғылын жауып, бетон қадалар мен металл арматуралардан баррикадалар салды.



Сонымен қатар, құқық қорғаушылар  Брест пен Гродно қалаларында наразылық білдірушілердң жаппай қамауға алып жатыр.

Еске сала кетейік, 9 тамызда Минскіде және Беларусьтің басқа қалаларында жаппай наразылықтар Республика президентінің сайлауында дауыс беру аяқталғаннан кейін басталды. Минскінің орталығында тәртіп сақшыларымен қақтығыстар басталды. Демонстранттарды басу үшін көзден жас ағызатын газ, жарық шуылы бар гранаталар, түтін шашыратқыштарды пайдаланды. Ресми мәліметтер бойынша, 39 қауіпсіздік қызметкері мен 50-ден астам бейбіт тұрғын жарақат алған. Сонымен қатар, наразы топтан бір адам қаза тапты.

Талқылау