Беларусь Украина аумағында орналасқан шекарасын жауып тастады
Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекеттің Украинамен шектесіп жатқан шекарасын жабу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Украинадан Беларусь аумағына үлкен көлемде заңсыз қару-жарақ өткізілуде.
"Украинадан Беларуське қару-жарақ заңсыз тасымалданып жатыр. Сол себепті мен мемлекеттер арасындағы шекараны жабуға бұйрық бердім", – дейді Лукашенко.
Сонымен қатар ол ел аумағында жасырынып отырған террористік топтардың әшкере болғанын жеткізді.
Айта кетсек, бұған дейін Беларусь басшысы мемлекетте антитерроиристік шаралар жүргізілгенін және Германия канцлері Ангела Меркельге айтар уәжі бар екенін жеткізген. Сондай-ақ Лукашенко Германия, Украина, АҚШ, Польша және Литва мемлекеттері Беларусьте бүлік ұйымдастырмақ екенін тілге тиек етті.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"