Бекшин өзі "рұқсат берген банкет" жайлы айтып берді
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин "рұқсат берілген 150 адамдық банкет" жайлы пікірі білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, банкетке қанша адам жиналғаны анықталмапты.
"Ол жерде қанша адам болғаны да белгісіз. Біреулер 40 адам десе, біреулер 60 адам дейді. Бұл қонақүйде жоғарғы қабатта кең көлемде банкет өткізетін бөлмелер жоқ. Қонақүй басшылығы өте ауқымды зарарсыздандыру шараларын жүргізді. Ауаны рецирккуляторлы тазарту жүйесін орнатып, ауа алмасу жүйесін жақсартты. Бактерицидті лампалар қойылды. Осы қауіпсіздік шараларына 1 млн долларға жуық қаражат кеткен. Сол үшін біз бұл шараға рұқсат бердік. 900 орындық залға тек 150 адамға рұқсат еттік", - деді Жандарбек Бекшин.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді