Бекшин Арбатты не себепті жауып тастағанын айтты
Алматыдағы Арбаттың не себепті жабылғанын бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин түсіндірді. Ол алдағы уақытта қаланың саябақтарында шектеулер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бас санитарлық дәрігер Арбатта адамның көп жиналатынын және жастар 20-30 адамнан топталып жүретінін айтты. Бекшин Арбат вирус тарату ошағына айналғанын жеткізді.
"Біз жаяу жүргіншілер аймақтарында, ең алдымен Жібек Жолы, Панфилов көшелерінде жүретін адам саны өте көп екенін байқадық. Мыңдаған адам топтасатын бұл көшелер инфекцияның таралу ошағына айналуда. Аудан әкімдігімен келісімге келе отырып, Арбатты жабуды дұрыс деп таптық. Қазір біз көлік қозғалысын тоқтатуды қарастырып жатырмыз. Жібек жолы көшесі, сондай-ақ саябақ аумақтарына кіруді шектеу мәселесі қарастырылуда. Адамдар маска режимін сақтамайды. Жастар 20-30 адамнан жиналады. Мұндай жағдайда біз сырқаттанушылық деңгейін тұрақтандыра алмаймыз", - дейді Бекшин.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ