Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекшин Алматыда карантин талаптары қашан жеңілдетейтінін айтты

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 19 маусым жаңа қаулы күшіне енетіні туралы мәлімдеді. Жаңа құжатта бизнес үшін бірқатар жеңілдіктер енгізілетін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтана бастаған кезінде тұрғындардың вакциналануы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ санитарлық шараларды сақтау қажеттігін еске салды. 

"Алматы 12 маусымнан бастап "жасыл" аймақта тұр. Айдың басынан бері коронавирус ауруы 2 есе азайды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 112 жағдайы тіркелді, ал тәуліктік өсім 0,1%-ға төмендеді”, – деді Жандарбек Бекшин.

Алматы қаласында эпидемия басталғалы КВИ-дің 71 820 жағдайы, ал осы жылдың басында 53 мыңнан астам жағдай тіркелгенін айтты.

"Халықтың 100 мыңына шаққанда ауру деңгейінің төмендеу динамикасы тұрақты, соңғы 7 күнде 64,7-ден 39,8-ге дейін азайды, репродуктивті сан 0,79 деңгейінде тұрақтанды, бұл “жасыл аймақ ”параметрлеріне сай", – деп түсіндірді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Жандарбек Бекшин 19 маусымнан бастап күшіне енетін Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысының дайын екенін айтты. Жаңа құжатқа сәйкес бизнес үшін бірқатар жеңілдіктер белгіленген.

Қалада бірқатар шектеулер алынып тасталды:

- Шаралар екі блокқа бөлінеді: Ashyq жобасына қатысатын нысандар мен қатыспайтындар.

- Супермаркет, азық-түліктік емес дүкендер, азық-түлік сататын және азық-түліктік емес базарлар, жабық базарлар бұл жүйеге қатыспайды. Алайда аурудың таралу деңгейін ескере отырып, оларға шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

- Мектепке дейінгі мекемелер де Ashyq жобасына қатыспаған, десек те қазір олар да шектеусіз жұмыс істеп жатыр, бірақ топтарды біріктіріп, шаралар ұйымдастыруға тыйым салынған және бұл шектеулер сақталады.

- Кеңседе жұмыс істейтіндерге қатысты: қала "сары" аймақта болғанда 50 пайызына ғана кеңседен жұмыс істеуге рұқсат берілген, енді 70 пайызына рұқсат етіледі.

- Діни нысандарда 30 пайыз толымдыққа рұқсат беріледі, әр адамға берілетін аумақ 4 шаршы метрден кем болмауы керек.

- Қоғамдық тамақтану орындары бойынша - егер мекеме Ashyq жобасына қатысқан болса, 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істей алады, толымдығы - 50 пайыз, бірақ 70 орыннан аспауы керек. Егер Ashyq жобасына қатыспаған болса, барлық шарт осындай, бірақ 50 орыннан аспауы керек.

- Фудкорттар 30 пайыз толымдықпен және түнгі сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеген болатын, енді олар шектеусіз жұмыс істейді.

- Асханалар да Ashyq жобасына қатыспаған, десек те олар да тәулік бойы шектеусіз жұмыс істей алады.

- Моншалар шектеусіз жұмыс істеп жатыр, бірақ олар Ashyq жобасына енгізілмеген. Сауна, СПА орталықтары мен бассейндер де шектеусіз жұмыс істеп жатыр.

- Кинотеатр, театрлар мен концерт залдары Ashyq жобасына қатысқан болса 50 пайыз толымдықпен жұмыс істейді, егер Ashyq жобасында жоқ болса 30 пайыз толымдықпен ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Талқылау