Bek Air ұйымының мүлкіне тыйым салынды
Алматылық сот Bek Air ұйымының жолаушыларға билет ақшасын қайтармауына байланысты мүлкіне тыйым салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әуе мекемесіне қарсы шағымды тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті түсірген. Арызға сәйкес, комитет Bek Air-дың сатып алынған билеттердің ақшасын кері қайтармағаны көрсетілген. Бұған қоса комитет өкілдері сот өтіп жатқан уақытта әуе компаниясы бар мүліктерін сатып жіберуі мүмкін екенін жеткізіпті. Сондықтан сот Bek Air ұйымының мүлкіне 20 сәуір күні тыйым салған.
"Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Закарпатская көшесі №8А үйіндегі Bek Air АҚ-ның мүлкіне тыйым салынсын", - делінген судья қаулысында.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”