Bek Air ұшағының апатқа ұшырауы: Ішкі істер министрі әуежайдың үш қызметкерін марапаттады
Алматы әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің үш қызметкері Bek Air ұшақ апаты кезінде зардап шеккен жолаушыларға көрсеткен көмегі үшін марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жандос Ысмағұлов, Қуаныш Қарбаев және Бағдат Шайкөзовты "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін" төсбелгілерімен марапаттады.
"Әуе борты апатқа ұшыраған кейін әуежай қызметкерлері оқиға орнынан табылып, жапа шеккендерге бірден көмектесе кетті. Олар көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін марапатқа ие болды", - деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2019 жылы 27 жетлтоқсанда Алматы маңындағы ұшақ апаты салдарынан 12 адам опат болған еді. Кейіннен ауруханадан шыққан соң ұшақтың екінші пилоты қайтыс болды.
Бұған дейін Bek Air ұйымының мүлкіне тыйым салынғаны жайлы айтылған болатын.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған