Табиғатпен үндескен сауықтыру: Bank RBK "Зәру" пантоемдеу орталығының өркендеуіне қолдау көрсетті

Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында демалыс пен денсаулықты қалпына келтіруге арналған ерекше орын "Зәру" шипажай-пантоемдеу орталығы орналасқан. Мұнда марал шаруашылығы сауықтыру тәжірибелерімен және туған өлкенің табиғатына ұқыпты көзқараспен үйлесім тапқан.
"Зәру" бағдарламаларының негізін ағзаны қалпына келтіруге, сергектік пен күш-қуатты арттыруға бағытталған пантоемдеу құрайды. Ең танымал емдік шаралардың бірі марал мүйізінің (пантоның) сығындысына бай жылы қайнатпамен жасалатын панто ваннасы. Мұндай процедуралар аурулар мен операциялардан кейінгі оңалту бағдарламаларында, сондай-ақ буындардың, қан тамырларының және бұлшықеттердің саулығын қолдау мақсатында қолданылады. Сонымен қатар панты ванналары ағзаны тазартуға және жалпы әл-ауқатты жақсартуға ықпал етеді.
Орталық қызметінің тағы бір маңызды бағыты – табиғи сергіткіш әрі ағзаны нығайтатын өнім саналатын пантогематоген өндіру. Өнім денсаулықты қолдауға және өмірлік белсенділікті арттыруға бағытталған табиғи құрал ретінде пайдаланылады.
"Зәру" шипажайының дамуына қосымша серпін берген маңызды факторлардың бірі Bank RBK-мен серіктестік болды. Банк шипажайдың қаржылық серіктесі ретінде технологиялық базаны жаңғыртуға, заманауи жабдықтар сатып алуға және жобаны айтарлықтай кеңейтуге қолдау көрсетті. Соның нәтижесінде "Зәру" көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, қонақтарға арналған апартаменттер санын көбейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік алды.
"Біз бұл жобадан өз жұмысымыздың басты мақсатын көреміз. Мұнда кәсіпкерлік бастама адамдарға ел ішінде сапалы сауықтыру қызметтерін ұсынатын маңызды іске айналды. Өңірлердегі осындай бастамаларды қолдау – жай ғана қаржыландыру емес, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға және қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға қосылған үлес. Біз "Зәрудің" осы даму кезеңінде серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Отандық бизнестің өсуіне, Қазақстанның табиғи әлеуетін ұқыпты пайдалануға және денсаулыққа қамқорлық жасаудың заманауи мәдениетін қалыптастыруға қолдау көрсетуді жалғастырамыз", – деп атап өтті Bank RBK басқарма төрағасының орынбасары Сымбат Ибраймов.
2018 жылы шаруашылықтағы марал саны 150 бас болса, 2026 жылы олардың саны 400 басқа жетті. Осы уақыт аралығында мұнда 12 мыңнан астам адам сауықтыру шараларынан өтті. Бүгінде "Зәру" республикалық деңгейдегі беделді "Алтын сапа" сыйлығына ие болған ірі сауықтыру кешені. Санаторийдің филиалдары Ақтөбе, Алматы және Қостанай қалаларында жұмыс істейді. Алдағы уақытта желіні одан әрі кеңейту арқылы оның қызметтері еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындарына да қолжетімді болмақ.
Айта кетерлігі, "Зәру" санаторийіне жолдаманы Мемлекеттік әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тікелей рәсімдеуге болады.
Мұндай жетістік тарихының негізінде отбасының қажырлы еңбегі жатыр. Ертарғын мен Бану Тілеугеновтер "Зәруды" бірлесіп құрды. Ертарғын – ветеринариялық дәрігер, ал Бану – өңірге танымал кәсіпкер әрі қоғам қайраткері. Оның кәсіби тәжірибесі марал шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосты. Ортақ еңбектің нәтижесінде шағын бастама бүгінде өңірлік және республикалық деңгейде мойындалған ірі сауықтыру кешеніне айналды.
"Зәру" біз үшін жай ғана бизнес емес. Бұл – адамдарға пайда әкелуді мақсат еткен көптеген жанның ортақ еңбегі. Кешеннің әрбір даму кезеңі орасан күш-жігерді ғана емес, сенімді серіктестің қолдауын да талап етеді. Bank RBK-мен ынтымақтастық біздің дамуымыздағы маңызды қадам болды. Материалдық-техникалық базамызды жаңарттық, көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейттік және жаңа өңірлерге кезең-кезеңімен шыға бастадық. Біздің қызметіміздің ерекшелігін түсініп, кәсіби қолдау көрсеткені және экономиканың нақты секторындағы кәсіпкерлердің өсіп-өркендеуіне мүмкіндік беретін ашық ұстанымы үшін банк қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз", – деді Бану Тілеугенова.
"Зәру" қызметінде халықты әлеуметтік қолдау ерекше орын алады. Бүгінге дейін мұнда 500 адам қайырымдылық негізде сауықтыру емінен өтті. Сонымен қатар пандемия кезінде санаторий 150 медицина қызметкерін постковидтік оңалту бағдарламасы бойынша тегін қабылдады. Жыл сайын "Зәру" әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын азаматтарға жалпы құны 10 миллион теңгеден асатын 50-ден астам жолдама бөледі. Bank RBK үшін осындай жобаларға қатысу – бір кездері алғашқы қадамын жасап, өз ісіне жан-тәнімен беріліп, бастамасын адамзатқа пайдасы бар тұрақты бизнеске айналдырған қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2021 жылғы 5 сәуірдегі №1.2.100/245/41 лицензия.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды