Астаналықтарға түкіргені үшін 19 млн теңге айыппұл салынған
Астанада қоғамдық орындарда түкіргендерге 19 млн теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, түкіру фактісі Астанадағы базарлардың маңайында жиі кездеседі. Олардың барлығы бейнекамералардың көмегімен анықталыпты.
“Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп келеміз. Әсіресе, қоғамдық орындарда және көшелерде түкіріп жатқан азаматтарға назар аударылады. Жыл басынан бері түкіргені үшін 1 200 азаматқа 19 млн теңге айыппұл салынды. Бүгінде оның 5 млн теңгесі немесе 28% өндірілді”, – деді қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағанбетов.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушыысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”