Байзақова декретте: Шырын Нарчаева отандық топтың бейнебаянына түспек
Осыдан біраз уақыт бұрын Alem Band тобының продюсері топтың жаңа бейнебаян түсіріліміне дайындалып жатқанын жазған еді. Топ жетекшісі желідегі парақшасында келесі клипте бой көрсетуі мүмкін үш бикешті атады. Олар – Айжан Байзақова, Шырын Нарчаева мен Айсәуле Бақытбек болатын.

Клипке қай қыздың түсетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz “Гәкку” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жігіттерден құралған топ жаңа видеоның дайындығына кірісіп кетті. Сонымен, “хайп” арқылы бейнебаяндарына миллиондап қаралым жинап үйренген топ Байзақованы Шырын Нарчаеваға алмастырды. Әннің аты “Еркем адам” деп аталады.
Айта кетейік, Alem Band тобының “Қалауым” және “Қылықтым” атты қос бейнебаянында басты рөлді атышулы блогер Айжан Байзақова сомдаған болатын.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Баян-Өлгей аймағында не болып жатыр
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
Қазақстанда клининг мамандығы колледждерде ашылмақ: Болашақ мамандар қайда оқиды
Оқу ағарту министрлігі клининг мамандықтарын оқыту жоспарда бар екенін хабарлады