"Бәйтерек" холдингінің басшылығы жалақылары жайлы айтудан бас тартты
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг басшысының орынбасары Әнуар Омарходжаев өзінің жалақасы туралы айтудан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Сурет: sputniknews.kz сайтынан
"Өте қызық сұрақ. Оған былай деп жауап берді. Үкімет бекіткен тұрақты жалақым бар. Бірақ оны сіздерге айта алмаймын. БАҚ туралы заңды білесіздер ғой. Сол себепті жалақым жайлы ашып айта алмаймын", - деді Омарходжаев.
Бұған қоса ол өзінің қол астындағы қызметкерлердің айлық табысы мен сыйақылары жайлы айтқысы келмеді.
Квазимемлекеттік құрылымның басшыларының бірі Омарходжаев үкіметтің бекіткен жарлығын алға тартты. Айтуынша, жалақы мен сыйақы мөлшерін мемлекет бекітеді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан