"Бәйтерек" холдингінің 4 басшысына бір жылда 300 миллион теңгеге жуық қаржы төленген
"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басшыларына 2021 жылы 292,4 миллион теңге мыйақы төленген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazTAG басылымына сілтеме жасап.

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ атқарушы орган мүшелеріне төленген сыйақының жалпы көлемі 2021 жылы 292,4 миллион теңге болды", – делінген Қазақстан қор нарығының сайтында жарияланған хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес бұл қаржыға 2021 жылдың қорытындысы бойынша жалақы мен сыйақы кіреді. Сонымен қатар Қазақстандағы мемлекеттік мейрамдарға орай берілетін сыйлықақы да бар.
"Бәйтерек" холдингінің ресми сайтында басқарма мүшелері ретінде төрт адам көрсетілген: Қанат Шарлапаев – басқарма төрағасы, Нұрболат Айдапкелов – төрағаның бірінші орынбасары, төрағаның тағы екі орынбасары – Әділ Мұхамеджанов пен Ерсайын Хамитов.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі